Жамбыл облыстық Ш. Уәлиханов атындағы әмбебап ғылыми кітапханасы

«Жанында жүр жақсы адам» кітапхана қонақжайы

«Рухани жаңғыру» бағдарламасының  «Қазақстандағы 100 жаңа есім» жобасына Жамбыл облысынан енген полиция аға сержанты, көпбалалы әке

Арыстанбаев Ғалым Қазбекұлы кітапханада қонақта

 

    Ш.Уәлиханов атындағы Жамбыл облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында  «Рухани жаңғыру» бағдарламасының «Қазақстандағы 100 жаңа есім» жобасына Жамбыл облысынан енген полиция аға сержанты, көпбалалы әке Арыстанбаев Ғалым Қазбекұлымен «Жаныңда жүр жақсы адам» атты  кітапхана қонақжайы ұйымдастырылды. Мақсаты: «Қазақстанның 100 жаңа есімі» жобасына енген Ғалым Арыстанбаевтың адами ерлігін паш ету арқылы өскелең ұрпақты адамгершілікке тәрбиелеу, адами құндылықтарды арттыру, отбасылық әдет-ғұрыптарды дәріптеу,  жастарға үлгі ету.

    Тараз қаласы № 15 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің қызметкерлері және Жамбы медицина колледжінің білімгерлері қатысқан іс-шараны мекеме директоры Э.Абдинова ашты. Кешке арнайы шақырылған «Айсұлу-Ана» мешітінің бас иманы Қ.Қуанышбеков, Жамбыл облыстық дін басқармасының психолог маманы Л.Мырзаш еліміздің дамуына үлес қосқан адамдарды кеңінен насихаттауға мүмкіндік беретін «Қазақстандағы 100 жаңа есім» шындығында да бұрын-соңды болмаған жоба екендігін атап өтті.

Сондай-ақ іс-шараға қатысушылар тарапынан кеш кейіпкеріне сұрақтар қойылып, оның өмір жолы таныстырылды.

    Ғалым Қазбекұлы балалар үйінен 8 баланы қамқорлығына алып, жары Әлия екеуі бауырларына басқанның арқасында бүгінгі күні өздерінің 11 баланың ата-анасы екендігін айтып өтті.

    Ғалым Қазбекұлына тосын сый ретінде кітапханашылар 1996-1997 жылдар аралығында  Қапшағай қаласында Отан алдындағы борышын бірге өтеген жолдастарын кездесуге арнайы шақырды. Кештің тұздығы болған кейіпкер құрдастары өткен күндерінен қызықты естеліктерімен бөлісті.

Яндекс.Метрика