Жамбыл облыстық Ш. Уәлиханов атындағы әмбебап ғылыми кітапханасы

«Қазағымның салт-дәстүрі жаңғырған...» fashion-тренд

   Бүгін  кітапханада «Дәстүр» клуб мүшелерінің ұйымдастыруымен  халқымыздың рухани байлығын игеруге, ұлттық озық дәстүрінен үлгі алуға баулу, халқымыздың ғасырдан ғасырға жалғасып келе жатқан салт – дәстүрлерін дәріптеу мақсатында «Қазағымның салт-дәстүрі жаңғырған...» fashion-тренд өтті.

   Аталмыш іс-шараға «Өшпес мұра» Жамбыл облысы қолөнершілер ассоциациясының төрайымы Гульнара Исембайқызы, Жамбыл  политехникалық  жоғарғы колледжінің «Сәндік қолданбалы қолөнер» мамандарын дайындау бөлімінің арнайы пән оқытушысы Динара Файзуллақызы қатысты.

   Кеш барысында ата-бабаларымыздың, апа-әжелеріміздің бай  мұрасының шеберлік  қабілетін  жалғастырып, өрнектеп,  жетілдіріп  баға  жетпес  қазынаға  айналдырып жүрген Гульнара Исембайқызы өз қолымен жасаған қолөнер туындысын кітапханаға тарту етті.

Яндекс.Метрика