Жамбыл облыстық Ш. Уәлиханов атындағы әмбебап ғылыми кітапханасы

Түрік жазушысы Хакан Менгүчтің кітаптарының таныстырылымы өтті

  Кітапхананың «Коворкинг» орталығында түрік жазушысы Хакан Менгүчтің «Жолға шық, жол саған көрінеді» және «Әр нәрсе уақыт күтеді» кітаптарын қазақ тіліне аударған кәсіби психолог Ләззат Мырзашқызының қатысуымен аталмыш кітаптардың таныстырылымы өтті.

  Кездесу кешінде аудармашы Ләззат Мырзашқызы түрік елінің атақты жазушы Хакен Менгүч композиторлық шеберлігімен көзге түскені, атақты пианиношы болғаны жайлы және оның 8 кітабы жарық көріп, олар аз уақыт ішінде 11 түрлі тілге аударылғаны туралы әнгіме өрбітті.

Яндекс.Метрика