Жамбыл облыстық Ш. Уәлиханов атындағы әмбебап ғылыми кітапханасы

«Мұқағали - мәңгілік ғұмыр» әдеби кеш

       Ш.Уәлиханов атындағы Жамбыл облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы мен Тараз қаласы индустриалды-технологиялық колледжімен бірлесіп қазақтың қара өлеңін кие тұтқан, жүрегінің түбінен қайнап шыққан асыл жырларымен қалың жұртшылықтың махаббатына бөленген Мұқағали Мақатаевтың туған күніне орай «Мұқағали - мәңгілік ғұмыр» әдеби кеш ұйымдастырды.

     Іс-шара барысында қонақтар ақиық ақын туралы көптеген тың деректермен бөлісіп, колледж білімгерлері жүрекке жылы тиетін ақын жырларын жатқа оқып, «Аққулар» поэмасынан көрініс қойылды. Кеш соңында кітапхана қызметкері ақиық ақынның кітаптарына библиографиялық шолу жасады.

Яндекс.Метрика