Жамбыл облыстық Ш. Уәлиханов атындағы әмбебап ғылыми кітапханасы

«Сыбайлас жемқорлықпен күрес - қоғамның ісі» ақпараттық хабар

   Кітапханада 9 желтоқсан - Халықаралық сыбайлас жемқорлықпен күрес күніне орай «Сыбайлас жемқорлықпен күрес - қоғамның ісі» атты ақпараттық хабар өтті. Сыбайлас жемқорлық - бұл ғаламдық мәселе, үлкен әлеуметтік қасірет болып табылатын ол саяси даму тұрғысынан бір-біріне ұқсамайтын әлемдегі барлық елдердің қай-қайсысын да қатты алаңдататыны анық. Сондықтан, бұл індетке бірлесе қарсы тұруымыз керек.

   Іс-шараға «Жаңару» Сыбайлас жемқорлыққа қарсы жалпыұлттық қозғалыс» Республикалық қоғамдық бірлестігінің облыстық филиалының директоры Төлендиев Қасымхан және ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаментінің бас маманы Ажибаев Айбек Иткараевич келіп өз ойларымен бөлісіп, білімгерлердің сұрақтарына жауап берді.

Яндекс.Метрика