Жамбыл облыстық Ш. Уәлиханов атындағы әмбебап ғылыми кітапханасы

«Жүректен - жүрекке» шапағат кеші

      Ш.Уәлиханов атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының қызметкерлері   20 ақпан – Дүниежүзілік әлеуметтік әділеттілік күніне орай «Айша - Бибі» шипажайының демалушылары үшін «Жүректен - жүрекке» тақырыбында шапағат  кешін ұйымдастырды.

    Іс-шара оқырмандарға әділеттілік, теңдік туралы түсінік беру, олардың құндылық ретіндегі мәнін ұғындыру, адамдардың әлеуметтік теңдігі мен олардың өзіндік мақсатына жету мүмкіндіктерінің шектелмейтінін жеткізу, шипажай демалушыларына көтеріңкі көңіл күй сыйлап, кітапханаға тарту мақсатын көздеді.

    Кітапханашылар ежелгі грек ойшылы Солонның «Әділеттілік әркім өзгенің өкпесін өзінікіндей қабылдаған кезде ғана орнайды, әйтпеген жағдайда құр сөз, мәнсіз дүние болып қалады...», -  деген сөздерімен іс-шараны ашып, осы арнайы дата адамзаттың назарын әлеуметтік әділдікке, теңдікке аудару үшін бекітілгенін, әділдік деген адамзат тарихымен бітеқайнасып келе жатқан ұғым екендігін, арнайы адамзаттың назарын әлеуметтік әділеттілікке, теңдікке аудару үшін бекітілгені, әділеттілік деген адамзат тарихымен біте қайнасып келе жатқан ұғым екені, және  осы ұғым барлық адамдарға теңдей мүмкіндік пен құқық беретін демократиялық қоғамның негізі ретінде қарастырылатыны туралы терең мағлұмат беруге тырысты.

    Керемет әндермен көмкерілген кештің «Ойланайық, пікірлесейік» айдары аясында кітапханашылар демалушыларға түрлі сауалдар қойып, пікір алмасуға шақырды. Баубекова Зейнетгүл, Бекен Жұмабек, Бекетай Шагирбаева және тағы басқа демалушылар болса өз пікірлерін, ойларын ортаға салды. Кітап көрмесіне библиографиялық шолу жасалып, қатысушылар ұсынылған мерзімді басылымдарға үлкен қызығушылық танытты.

    Өнерлерін жиналған қауымға паш еткен Жамбыл облыстық орыс драма театрының актері Ботбайбек Санжар, М.Х. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік және педагогикалық университеттерінің білімгерлері Мұхтар Мудрашов, Тынышбек Аян, Саят Сағынбай, Есалы Қалдыбай  демалушылардың зор ықыласына ие болды.

    Іс-шараны қорытындылаған «Айша бибі» шипажайының бас дәрігері Тұрысбеков Қуатжан Тұрарұлы өз ризашылығын білдіріп, ұйымдастырушыларға барша қауымның алғысын жеткізді.

Яндекс.Метрика