Жамбыл облыстық Ш. Уәлиханов атындағы әмбебап ғылыми кітапханасы

«Алғыс айту – адамзаттың асыл қасиеті» Достық алаңы

    Кітапханада 1 наурыз - Алғыс айту  күніне орай ұлттық құндылықтарды жаңғырту, оқырмандардың бойында    ұлттық сананы ояту, жас ұрпақ санасына туған халқына деген құрмет, сүйіспеншілік, мақтаныш сезімдерін ұялату, ұлттық рухты сіңіру, оларды отансүйгіштік пен толеранттылыққа тәрбиелеу мақсатында «Алғыс айту – адамзаттың асыл қасиеті» тақырыбында Достық алаңы ұйымдастырылды.

   

    Кеш барысында арнайы шақырылған «Қазақстандық татар және башқұрттар конгресі» республикалық қоғамдық бірлестігінің Жамбыл облысы филиалы төрағасы Накыш Фарида Фаридовна, Жамбыл облысы мен Тараз қаласындағы Өзбек, Тәжік этномәдени бірлестіктерінің өкілдері Зайнутдинов Абдурахман Юлдашевич пен Орифов Махкам Джуманазарович, «Жамбыл облысының Интернационалист-жауынгерлер одағы» Қоғамдық бірлестігінің төрағасы Ізбасаров Керім Мақанбетұлы, М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті «Орыс тілі және әдебиет кафедрасының аға оқытушысы Абитаев Қанат Келісұлы, Жамбыл ауданы бойынша Шекара басқармасы бөлімшесініңаға лейтенант Қадырғазиев Азамат Қайтарұлы, 28903 байланыс әскери бөлімінің байланысшысы Анастасия Куманиева еліміз үшін әр жылдары аянбай еңбек етіп, жанын пида еткен және бүгінгі күннің батырлары қонаққа келіп, құтты қонысқа айналған қасиетті қазақ жеріне терең тағзым етіп, қазақ еліне шексіз рахметін айтты.

    Ал, «Архыз» республикалық қоғамдық бірлестігінің «Бірлік» қарашай-балқарлардың Жамбыл филиалы» қоғамдық бірлестігінің төрайымы Узденова Леля Ахматовна кеш қатысушыларына арнап өзінің бейнеқұттықтауын жолдады.

    Іс-шараға қатысқан Жамбыл ауданы бойынша Шекара басқармасы және 28903 байланыс әскери бөлімдерінің сарбаздары, М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті мен қаладағы мамандандырылған колледж студенттері қатысып, аталмыш мереке мен қазақ елін мекендеген этнос өкілдерінің тарихы, мәдениеті мен салт-дәстүрлерімен етене танысу мүмкіндігіне ие болды.

Яндекс.Метрика