Кітапханада Дүниежүзілік туберкулезге қарсы күрес күніне орай «Туберкулез - қатерлі дерт» маман кеңесі өтті.
Іс-шараға араға Жамбыл облыстық Фтизиопульмонология орталығының фтизиатры Тиленшиева Гүлдана Рәпілбекқызы және осы орталықтың педиатр дәрігері Абуова Динара Мәлікқызы қатысты. Мамандар денсаулықтың қадірін, маңызын айрықша ұғынып, барлық игіліктен жоғары санауды, салауатты өмір сүру салты, туберкулез ауруының алдын алу және тәннің саулығын арттыру тақырыбында сөз қозғады. Оқырмандар белсенділік танытып, ескіше құрт ауру, көксау ауруының созылмалы жұқпалы ауру екені, онымен қалай күресу керек, аурудан сауығуға болады ма, - деген өздерінің ойында жүрген сауалдарымен бөлісті.
Іс-шара соңында қонақтар дені сау адамның көңіл-күйі көтеріңкі болып, еңбекке әрқашан құлшына кірісетінін сөзге тиек етіп, жастардың бұл қатерлі дерт жайлы қойған барлық сауалдарына жауап қайтарды.