Жамбыл облыстық Ш. Уәлиханов атындағы әмбебап ғылыми кітапханасы

«ҚАЛАЙМЫН ТЕК, МАХАББАТЫМНЫҢ ГҮЛДЕУІН...» ӘДЕБИ БУРИМЕ

        Кітапхана 15 сәуір  мәңгілік махаббаттың символына айналған Қозы Көрпеш пен Баян сұлу күніне орай «Қалаймын тек, махаббатымның гүлдеуін...» тақырыбында әдеби буриме өткізді.

      Махаббат - дүйім дүниенің ең асыл, жалпақ жалғанның ең кіршіксіз сезімі болса,  ұлы сезімнің шырқау шыңына көтерілген сезімге адал сертке берік... Осылардың барлығы шынайы махаббаттың символы іспетті. Сан мыңдаған ғасырлар бойы аттары аңызға айналған жұптардың жалынды жырлары мен махаббат хикаялары бүгінгі күнге дейін сақталып отыр. Олар «Қозы Көрпеш –Баян сұлу», «Қыз Жібек пен Төлеген», «Ләйлә-Мәжнүн», «Айша бибі-Қарахан»,»Еңлік-Кебек».

      Кеш барысында «Астана көпсалалы колледжінің» білімгерлері қазақ әдебиетінде махаббат жырын жырлап өткен ақындарымыздың өлеңдерін түрлі эмоциялармен оқып, қызықты ойындар ойнап, осы оқу орынның білімгерлері Төребек Бекасыл мен Нышанәлі Бейбарыстың орындауында махаббат әндері  айтылды.

Яндекс.Метрика