Жамбыл облыстық Ш. Уәлиханов атындағы әмбебап ғылыми кітапханасы

«Ескерткіштер - ел тарихы» әдеби эссе

   Бүгін  кітапханада 18 сәуір - Халықаралық ескерткіштер мен тарихи орындар күніне орай «Ескерткіштер - ел тарихы» тақырыбында әдеби эссе  өтті.

   Кешке арнайы М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті филология және гуманитарлық ғылымдар факультеті, «Тарих кафедрасының» аға оқытушысы, тарих магистрі Кобесова Ақнұр Смайылқызы, Шерхан Мұртаза атындағы Руханият және тарихтану орталығының аға ғылыми қызметкері Асылжан Дулати, «Тарихи-мәдени ескерткіштерді қорғау және қалпына келтіру дирекциясы» КММ-нің ғылыми қызметкері Нағашбекова Сәния Мекемтасқызы қатысты.

   Іс-шара барысында қонақтарымыз кітапхана оқырмандарына ұлттық тарихымыз бен мәдениетіміздің құнды жәдігерлері, әрбір елдің тарихы мен өткенінен сыр шертер халықтың ұлттық байлығы ғана емес, елдің өткені мен бүгінін саралайтын, сол арқылы келешек ұрпаққа тәлім-тәрбие беруде маңызы зор екеніне тоқталып, ертеңгі күні ескерткіштер арқылы өткенімізді зерттеп, тарихқа терең үңіле алатынымызды ашып түсіндірді.

   Кештің басты мақсаты  - барша қоғам болып Ұлы дала халқының ұлттық құндылықтарын сақтау және болашақ ұрпаққа аманат ету.

Яндекс.Метрика