Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының қолдауымен Ш.Уәлиханов атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында Елбасы Н.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласында жүктелген міндеттерді жүзеге асыру мақсатында «Оқуды ілгерлету: кітапханадағы тың идеялар мен технологиялар диапазоны. Цифрлы қоғам шеңберіндегі кітапхана қызметі» онлайн коучинг форматында шығармашылықты дамыту кеңес аясында «Қазақстандағы 100 жаңа есім» жобасына енген тұлғалармен «Жастар жасампаз елдің болашағы» атты кездесу кеші облыстық, қалалық, аудандық кітапханалар қызметкерлері, өңіріміздің белсенді жастары, жастар қоғамдық ұйымдар мүшелері, Тараз қаласындағы жоғары және арнаулы орта оқу орындарының білімгерлерінің қатысуымен өттті.
Іс-шараның мақсаты: Мемлекет басшысының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласының негізгі бағыты «Қазақстандағы 100 жаңа есім» жобасын насихаттау, жоба жеңімпаздарының жетістіктерін жастарға үлгі ету, өскелең ұрпақты ұлтшылдыққа, қайырымды болуға тәрбиелеу.
Кітапханаға қонаққа «Қазақстандағы 100 жаңа есім» жобасына енген тұлғалар: IT маман, ақпараттық жүйелер бойынша маркетолог, Қазақстан Республикасы Ұлттық Академиялық кітапханасы басшысының ақпараттық ресурстар бойынша жетекшісінің орынбасары Нұржан Нұрланұлы Жолдыбалинов, «Кирпичник» ЖШС директоры, Жамбыл облыстық мәслихатының депутаты, «Құрмет» және «Парасат» ордендерінің иегері, «Қазақстан мәслихаттарының құрметті депутаты» Сембек Сейдәзімов, ІІБ-нің жергілікті полиция қызметінің жол-патрульдік полициясының аға сержанты Ғалым Қазбекұлы Арыстанбаев, «Бурное ірімшік зауыты» ЖШС-нің директоры Әбдібек Пошкаев шақырылды.
Іс-шара барысында қонақтар өздерінің өмір жолдары, атқарып жатқан қызметтері, «Қазақстандағы 100 жаңа есім» жобасына енгенін естігендегі және Елбасымен кездескен сәттерден алған әсерлерімен бөлісіп, қатысушылардың көптеген сұрақтарына жауап берді.