1 мамыр - Қазақстан халқы бірлігі күніне орай кітапхана «Татулық - достықтың киелі бесігі» тақырыбында әдеби шаңырақ ұйымдастырды.
Іс-шараға «Архыз» республикалық қоғамдық бірлестігінің «Бірлік» қарашай-балқарлардың Жамбыл филиалы» қоғамдық бірлестігінің Узденова Леля Ахматовна, «Ұйғыр» этномәдени қоғамдық бірлестігінің төрайымы Турдыева Мухаббат Абдрахмановна, Жамбыл облысы әкімдігінің ішкі саясат басқармасының «Қоғамдық келісім» КММ көрме залының меңгерушісі Шілдебаева Жазира Мейрамбекқызы қатысты.
Қонақтарымыз кітапхана оқырмандарына мерекенің шығу тарихы, Қазақстан халқы Ассамблеясы сынды теңдесіз ұйымның құрылуы туралы, жалпықазақстандық бірлік моделін қалыптастыруда оның атқарып келе жатқан маңызды рөлі, сонымен қатар елімізде тұрып жатқан өзге ұлт өкілдерінің ортақ мекені болған Отанымыз туралы, ұлттар достастығы жайында кеңінен айтылып, өзге ұлт өкілдері қазақ еліне алғысын айтып, бір-бірін бірлік күні мерекесімен құттықтады.