Кітапхана ұжымы 9 мамыр - Жеңіс күніне орай Еңбек және тыл ардагері, II - дәрежелі Отан соғысы орденімен мерекелік медальдарының иегері Валентина Константиновнаны мерекемен құттықтап, ізет көрсетті.
Ардагер 1942 жылы Мәскеуден Жамбыл облысына қоныс аударған. Жамбыл қалалық прокуратурада хатшы, прокурордың көмекшісі болып жұмыс жасаған. 96 жасқа келген Валентина Константиновна 2 қыз тәрбиелеп, одан 5 немере 1 шөбере сүйіп отырған ана.
Қарт ардагер кітапхана қызметкерлеріне алғыс айтып, ақ батасын берді.