Жамбыл облыстық Ш. Уәлиханов атындағы әмбебап ғылыми кітапханасы

«ҰРАНДЫ ЕРДІҢ ҰРПАҒЫ ҚАЙСАР» МЕРЕКЕЛІК КЕШ

  Кітапхана 7 мамыр - Отан қорғаушылар күніне орай «Ұранды ердің ұрпағы қайсар» мерекелік кеш ұйымдастырды.

  Мерекелік кешке арнайы шақырылған М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті әскери кафедрасының оқытушысы Оңалбеков Құрманбек Әділбекұлы егеменді еліміздің отын сөндірмей, қорғаныс жүйемізді бекем ұстап келе жатқан барлық Қазақстан азаматтарын төл мерекелерімен құттықтап, кешті Ы.Дүкенұлы атындағы қалалық мәдениет үйінің әншісі Балтабай Аяжан «Айналдым, елім» әнімен жалғастырса, 85395 әскери бөлімнің оркестрі кітапхана қонақтарына өз шығармашылығынан мерекелік көңіл күй тарту етті.

  Іс-шараға қатысқан Жамбыл облысының Мамандандырылған күзет қызметі Басқармасы мемлекеттік мекемесінің қызметкерлері мен Тараз қаласындағы мамандандырылған колледж студенттері қатысып, Отанды сүюге, ерлік көрсеткен батырлардың бойындағы ержүрек қасиеттерін тану мүмкіндігіне ие болды.

  Кеш соңы кітапхана қызметкерлері «Сарбаздар» әні орындап, Роза Бағланова апамыздың әндерінен поппури айтылды.

Яндекс.Метрика