Тарихи-мәдени ескерткіштерді қорғау және қалпына келтіру дирекциясының ұйымдастыруымен 31 мамыр - Саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күніне орай «Жамбыл өлкесінде жүргізілген саяси қуғын-сүргін: ашаршылық ақиқатын ашу – ұрпақ парызы» атты республикалық ғылыми-тәжірибелік конференциясы өтті.
Конференция аясында «Қасіретті жылдар құрбандары» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды.