Жамбыл облыстық Ш. Уәлиханов атындағы әмбебап ғылыми кітапханасы

«Өмір деген тұңғиықтың түбінде мен жүр едім...» әдеби увертюра

   Кітапханада қазақ әдебиетіне өзіндік үлес қосқан қарымды қаламгер, публицист, сыншы, қазақ халқының аяулы ұлы Саттар Ерубаевтың туғанына 110 жыл толуына орай «Өмір деген тұңғиықтың түбінде мен жүр едім...» тақырыбында әдеби увертюра өтті.

   Әдеби увертюраға арнайы келген Керімбай атындағы №12 мектеп-гимназиясының мұғалімдері Кенжебаева Айгүл Серікқызы, Сейткулова Сандуғаш Құлжабайқызы, Дүйсебаева Алтынай Балтабайқызы қаламгердің өмірі мен әдебиеттегі атқарған істеріне, шығармалары мен еңбектеріне біршама тоқталып өтті.

    Кеш соңында әдеби шараға келген қонақтарға арнайы Алғыс хат табысталды.

Яндекс.Метрика