«ОҚИТЫН ҰЛТ» республикалық жобасының «Әдеби өлкетану» бағыты бойынша өңір кітапханалары мамандарының кәсіби құзыреттілігін дамыту, кітапхана мен кітапханашы мамандығының позитивті имиджін нығайту, заманауи көпфункционалды ақпарат, білім және мәдениет алаңы ретінде кітапханалардың қоғамдағы деңгейін арттыру, кітапхана мамандарының өзара тәжірибе алмасуын қамтамасыз ету мақсатындағы «Өлкелік туризм кітапхана жұмысының инновациялық түрі ретінде» жобасы аясындағы үстіміздегі жылғы жұмыстарын Мойынқұм ауданы Назарбек ауылынан бастады.
Кітапхана директоры Абдинова Эльмира Елеусізқызы бастаған жұмыс тобы алғашқы туристік сапар барысында Назарбек ауылының тарихы, киелі жерлері мен тыныс-тіршілігімен танысып, осы ауыл кітапханасының «Мерейлі өлкем - Мойынқұм» әдеби танымдық кеш форматында ұйымдастырылған көрсетілім іс-шарасын тамашалады.