Жамбыл облыстық Ш. Уәлиханов атындағы әмбебап ғылыми кітапханасы

«Өлкелік туризм кітапхана жұмысының инновациялық түрі ретінде» жобасы аясында туристік сапармен Шу ауданы Қонаев ауылы

    Кітапхана «ОҚИТЫН ҰЛТ» республикалық жобасының «Әдеби өлкетану» бағыты бойынша өңір кітапханалары мамандарының кәсіби құзыреттілігін дамыту, кітапхана мен кітапханашы мамандығының позитивті имиджін нығайту, заманауи көпфункционалды ақпарат, білім және мәдениет алаңы ретінде кітапханалардың қоғамдағы деңгейін арттыру, кітапхана мамандарының өзара тәжірибе алмасуын қамтамасыз ету мақсатындағы «Өлкелік туризм кітапхана жұмысының инновациялық түрі ретінде» жобасы аясында туристік сапармен Шу ауданы Қонаев ауылына барды.

   Кітапхана директоры Абдинова Эльмира Елеусізқызы бастаған жұмыс тобы көрнекті қайраткер, ғалым, академик Дінмұхаммед Ахметұлы Қонаевтың есімін иеленген ауыл тарихы мен тыныс-тіршілігімен танысып, кітапхана қызметкері ұсынған «Ауылым - алтын тұғырым» әдеби-әуенді кештің қонағы болды.

Яндекс.Метрика