Жамбыл облыстық Ш. Уәлиханов атындағы әмбебап ғылыми кітапханасы

«Рухани жаңғыру: заманауи кітапхана – өзекті мәселелер, даму бағдарлары» облыстық форсайт сессия

    Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы, Ш.Уәлиханов атындағы Жамбыл облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы, Меркі аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі, Меркі аудандық орталық кітапханасының ұйымдастыруымен кітапхана қызметінің сапалы нәтижелері мен жетістіктерінің тиімді технологияларын ұзақ мерзімді болжамдау бойынша бірлескен жұмысты ұйымдастыру арқылы кітапханаларды өңірдің инновациялық дамуындағы белсенді серіктесі ретінде әлеуметтік маңызды нысандарға айналадыру, оларды қоғам өмірінің барлық салаларына белсенді қатысып, ақпараттандырылған азаматтық қоғам құруға септігін тигізуге бағыттау, кітапханашыларды өз дағдыларын үнемі дамытып, биік шығармашылық потенциалға ие, заманауи әлемде бәсекеге қабілетті тұлға ретінде тәрбиелеу, мамандар арасындағы мәдени, кәсіби және білімдік байланыстарды нығайту мақсатында «Рухани жаңғыру: заманауи кітапхана – өзекті мәселелер, даму бағдарлары» тақырыбында облыстық форсайт сессия өтті.

    Облыстық, қалалық, аудандық кітапханалар директорлары, әдістемелік және қызмет көрсету бөлімдерінің меңгерушілері, кітапхана мамандары және балалар мен жасөспірімдерге қызмет көрсететін бөлім қызметкерлері киелі Меркі жерінде жергілікті әлеуеттің назарын кітапханаларды дамыту мәселесіне, мәдениеттің маңызды элементі ретінде кітап оқуға аудару, электронды ақпараттық ресурстарды қалыптастыру мәселелері бойынша тәжірибе алмасуға жиналды.

    Форсайт сессияны құттықтау сөзбен Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы басшысының орынбасары З.Сембина, ҚР Ұлттық кітапханасы ғылыми-әдістемелік қызметтің топ жетекшісі Г.Рахымжанова ашты.

     Ш.Уәлиханов атындағы Жамбыл облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының директоры Э.Абдинова модератор ретінде жүргізіп отырған сессия бағдарламасы аясында қатысушылар ҚР Ұлттық кітапханасы ғылыми-әдістемелік қызметтің топ жетекшісі Г.Рахымжанованың «Бүгінгі цифрлы қоғамдағы кітапхана ісін дамыту бағыттары», Жуалы, Сарысу мен Шу аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйелері директорлары  Б.Қанаева, С.Кужаназарова және Б.Алжанбаеваның «Кітапханалардың физикалық кеңістігін өзгерту: қажеттілігі мен қалауы», «Кі­тап­­­ханадан цифрландырылған ақпарат орталығына: жаңғырудың жаңа мүм­кіндіктері» және «Заманауи кітапхана - оқу және демалыс алаңы» тақырыптары аясындағы баяндамаларымен танысты.

    Сонымен қатар, іс-шара барысында «Білім беру орталықтары – «Bilim Ortalygy» жобасы аясында 2018 жылғы қазан айының 08-12 күндері Астана қаласы Назарбаев университетінде өткен  кітапхана қызметкерлерінің кәсіби біліктіліктерін арттыруға арналған семинарға Жамбыл облысынан қатысқан қызметкерлердің ақпараттық хабарламалары тыңдалып, «Өрлеу» БАҰ АҚ Жамбыл облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты, «Басқару және білім сапасы» кафедрасының меңгерушісі, педагогика ғылымдарының кандидаты, асс/профессор, психологиялық ойындарды өткізу тренері Ш.Тойганбекова ұсынған  «Кітапханалық мәдениет: тең диалог – электронды технологиялар ғасырындағы кітапхана, кітап және оқырман» атты тренингке қызыға қатысты.

     Келесі жарыссөз кезегіне шыққан Тараз қалалық пен Мойынқұм,Талас аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйелерінің қызметкерлері «Қызықтыру! Таңғалдыру! Оқыту!» - «печа-куча» - креативті авторлық жобалар жәрмеңкесі аясында  өздерінің тың идеялары мен инновациялық жобаларын ұсынды.

Меркілік кітапханашылар аудандарының құрылғанына 90 жыл толуына арналған «Тарихы - дастан, дәулеті тасыған - Меркі елі» тақырыбында көрсетілім мәдени-көпшілік іс-шара ұйымдастырып, жиналған қауымды аудан тарихымен жан-жақты таныстырды.

    Форсайт сессия өз жұмысын Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласын жүзеге асыру  және  кітапханашылар арасында тәжірибе алмасу мақсатында Ш.Уәлиханов атындағы Жамбыл облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында наурыз-маусым айларында «Рухани жаңғыру: жаңа әлеуметтік-мәдени жағдайда оқырмандарға қызмет көрсету» тақырыбында өткен аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйелерінің күндерін қорытындылаумен аяқтады.

    Аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйелері «Кітапхана - жыл оқиғасы», «Үздік кітапхана», «Кітапханалық серпіліс», «Белсенді кітапхана – белсенді ұжым», «Позитив кітапхана – позитив ұжым», «Үйлесімді кітапхана - үйлесімді  ұжым», «Үздік әлеуметтік серіктестік», «Кітапханалық дәстүрлерге адалдық, «Кітапхана - жаңашылдықтың ашық әлемі», «Кітапхана – тарихи және өлкетану орталығы» номинациялары бойынша сертификаттарға иеленді.

    Келесі жылы өңір кітапханашылары дәстүрлі жиындарына Жамбыл ауданында кездесуін шешті.

 

 

Яндекс.Метрика