Ш.Уәлиханов атындағы Жамбыл облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы 30 тамыз - Қазақстан Республикасының Конституция күніне орай 28903 әскери бөлімінде «Ата Заң - елдігіміздің еңсесі» атты кітап көрмесін ұйымдастырды.
Кітапханашы Тоқтағұлова Марал кітап көрмесіндегі Конституцияға байланысты 10 томдық «Қазақтың Ата Заңдары», «Ата заң –мемлекет дамуының іргетасы», үш тілде жазылған «Қазақстан Республикасының Конституциясы», Е.Шаймерденовтың «Елтаным», «Қазақстан Елтаңбасы» және тағы басқа көптеген кітаптарды 28903 әскери бөлімінде борышын өтеп жүрген қатардағы жауынгерлер мен кітап сүйер оқырман қауымға таныстырды.
Сонымен қатар іс-шара барасында кітапханашы қыздар ақындарымыздың елге, туған жерге арналған патриоттық өлеңдерін оқыса, Шакенова Анел «Қазағымсың», «Туған жер» әнін, Абдраимова Алтынай «Тәуелсіздік толғауы», «Жаса қазағым» әнін орындап көрермендердің патриоттық сезімін оятты.