Жамбыл облыстық Ш. Уәлиханов атындағы әмбебап ғылыми кітапханасы

«Алтынбектің фото әлемі» өнер аялдамасы

  Ш.Уәлиханов атындағы Жамбыл облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы қазіргі таңда тіршілігін фототілшіліктен тауып, туындылары бүгінде елімізге ғана емес, алыс-жақын шет мемлекеттерге дейін таныс болған жерлесіміз «AULIEATA-MEDIA» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің «ARAІ» жастар газетінде табан аудармастан 19 жыл фототілшісі ретінде еңбек етіп келе жатқан кәсіби фотогроф, халықаралық, республикалық байқауларға творчестволық еңбектерін ұсынып, жүлделі орындарды иеленіп жүрген Қартабай Алтынбек Болатұлына арналған «Алтынбектің фото әлемі» тақырыбында өнер аялдамасын ұйымдастырды.

  Іс-шараға арнайы келген қонақтарымыз анасы Алтынкүл Солағайқызы, Жамбыл облысының құрметті азаматы, зейнеткер Масат Әшімұлы , Қазақстан Республикасы журналистикасының қайраткері, Қазақстанның Құрметті журналисі, Қазақстан Журналистер Одағы Жамбыл облыстық филиалының төрағасы Жаңабай Миллионов, Жамбыл облыстық Асқар Тоқпанов атындағы қазақ драма театрының актері, Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі Асқарбек Сейілхан, Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты, жазушы, журналист, Қазақстан Республикасының мәдениет қайраткері Көсемәлі Сәттібайұлы, Асқар Тоқпанов атындағы Жамбыл облыстық қазақ драма театрынының реквизиторы Жалғат Айтуева, «AULIEATA-MEDIA» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің директор орынбасары Алпамыс Қазыбаев, «AR-AI» жастар газетінің бас редакторы Тұрсынбек Сұлтанбеков, жауапты хатшысы Шолпан Бөгембаева қатысты. Алғашқы сөзді анасы Алтынкүл анамыз сөз кезегінде ұлының балалық шағынан әдемі естеліктерімен бөліссе, әріптестері, достары, шәкірттері туындыларымен өмірін байланыстырған фото өнерінің биігіне көтерілген өнер иесі жайында көптеген әңгіме қозғап, фотоөнер саласына сіңірген еңбегі мен өз ісіне деген адалдығы жайлы сөз қозғады.

  Өнер аялдамасына қатысқан зиялы қауым өкілдері, көпшілік Қартабай Алтынбек Болатұлының туындыларын асықпай аралады. Әркім өзінше сыр түйді. Өзінше көрді. Осыншама құндылықты байқап, өзгеше көре білген Алтекеңнің шеберлігіне көпшілік тәнті болды.


 

Яндекс.Метрика