Жамбыл облыстық Ш. Уәлиханов атындағы әмбебап ғылыми кітапханасы

«МЕНІҢ ӨМІРІМДІ ӨЗГЕРТКЕН КІТАП» ТАҚЫРЫБЫНДА ЕРКІН МИКРОФОН ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ.

   Кітапханада «Артық білім кітапта, ерінбей оқып көруге» жобасы аясында «Менің өмірімді өзгерткен кітап» тақырыбында еркін микрофон ұйымдастырылды.

   Өзекті тақырыпқа ойларын ортаға салып, жастарға бағыт-бағдар беруге, оқыған кітаптарымен бөлісуге журналист, балалар жазушы, Қазақстан Журналисттер одағының мүшесі, «AQ JOL» газетінде жауапты хатшысы Марат Құлибайұлы, Ш.Мұртаза атындағы Руханият және тарихтану орталығының бөлім меңгерушісі Асылжан Дулати, Обылыстық «Ақ жол» газетінің тілшісі Аманбек Нұрболат, Аркадий Гайдар атындағы №35 орта мектеп директорының тәрбие ісі-жөніндегі орынбасары Ләйлә Рахимова, Керімбай атындағы 12 мектеп гимназиясының мұғалімдері Ләйлә Көлбаева мен Эльмира Қайырбаева және М.Жұмабаев атындағы №21 мектеп оқушысы Айханым Қайрат анасы Үміт Анарбаева келіп қатысты.

   Кітап таңдап, оқи білу, оны түсіну мен түйсіну, алған әсеріңді өмір қажетіне жарата білу - әрбір адамның білігі мен білімін, пайымы мен парасатын айқындайтын алғы шарттардың бірі. Міне, осы асыл қазына төңірегінде тұшымды ойлар айтылып, ғибратты сөз тілге тиек етілді. кітап оқу ләззаты, кітаптың тапшылығынан балалар арасындағы тартыс, дауыстап оқу арқылы актерлік қабілет пен сөйлеу мәдениетінің қалыптасуы, кітапты мазмұндау арқылы тіл байлығының дамуы сынды қасиеттерге жеткендері жайлы тамаша әңгіме өрбіді.

Яндекс.Метрика