Жамбыл облыстық Ш. Уәлиханов атындағы әмбебап ғылыми кітапханасы

«Елдіктің, ерліктің мекені - Жуалы» тарихи-танымдық саяхат

   Ш.Уәлиханов атындағы Жамбыл облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы Жамбыл облысының 85 жылдығына орай жариялаған «Туы биік, тұғыры берік - Жамбыл» өлкетану оқулары аясында облыстық мемлекеттік кітапханаларында өтетін байқаулық іс-шаралар жоспарына сәйкес Жуалы аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесінде «Елдіктің, ерліктің мекені - Жуалы» тарихи-танымдық саяхат форматында байқаулық іс-шарасы өтті.

  Іс-шараға белгілі ақын, ҚР Жазушылар одағының мүшесі Битенова Үміт Қыранқызы, жазушы, журналист, Ақпарат саласының үздігі Әбдиев Ерман қатысты.

  Іс-шарада Жуалы өңірінің тарихи, мәдени дамуы туралы түрлі деректер беріліп, ауданнан шыққан ақындардың жыр жолдары оқылды. Жуалы аудандық халық шығармашылығы және мәдени демалыс орталығының «Жуалы», «Мыңбұлақ» театрының әртістері тақырыпқа сай көрініс көрсетіп, Жуалы туралы әндерін шырқады.

Яндекс.Метрика