Жамбыл облыстық Ш. Уәлиханов атындағы әмбебап ғылыми кітапханасы

«Ауған асуында от кешкендер» кездесу кеші

 (Кеңес әскерінің Ауған жерінен шығарылғанына 30 жыл толуына орай)

 

    Ш.Уәлиханов атындағы Жамбыл облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының қызметкерлері Ауған соғысында от кешіп құрбан болған боздақтардың есімін ұлықтап, от жалынды өткерген ардагерлерімізді ардақтау, жастар санасына патриоттық рухты жаңғырту мақсатында Тараз техникалық және бизнес колледжі білімгерлерінің Ауған соғысының ардагерлерімен «Ауған асуында от кешкендер» тақырыбында кездесу кешін өткізді.

    Кешке арнайы шақырылған Ауған соғысының ардагерлері Ермеков Дүкенбай, Малыбаев Рахымжан оқырмандар тарапынынан қойылған сұрақтарға жауап бере отырып, «...Бүгін тарихтың талай бұралаң белесінен өтіп, бұл күнге де жетіп отырмыз. Бабаларымыз бізге аманат етіп қалдырған қасиетті атамекенді қорғау – бәріміздің қасиетті борышымыз. Әсіресе болашақ ұрпақты өз Отанын қорғау, оны сүю, қадірлеу, қастерлеу, оған қалтықсыз қызмет етуге үйрету - баршамыздың парызымыз», - дей келе, жастарды өз елінің патриоты болуға шақырды.

    Кітапханашылар ардагерлерге өлең шумақтарын арнаса, Тараз қаласының О.Жолдасбеков атындағы №50 орта мектеп оқушысы Тұрлығұлова Ағжан және басқа да кітапхана оқырмандары патриоттық рухты көтеретін керемет ән-жырларынан шашу шашты.

 

 

Яндекс.Метрика