Жамбыл облыстық Ш. Уәлиханов атындағы әмбебап ғылыми кітапханасы

«Қазақ елінің ҮШ БӘЙТЕРЕГІ» тақырыбында құрмет кеші

   Бүгін кітапхана қызметкерлері №3 мектеп-лицейінде Халқымыздың біртуар азаматтары, қайсар Алаш ұлдары, қатар жайқалып өскен алып тұлғалы үш бәйтерегі - Сәкен Сейфуллин, Бейімбет Майлин және Ілияс Жансүгіровтың 130 жылдығына орай «Қазақ елінің ҮШ БӘЙТЕРЕГІ»  тақырыбында құрмет кешін ұйымдастырды.

    Қазақ руханиятының үш бәйтерегіне баланған алыптарымыздың есімі ұрпақ жадында күн өткен сайын биіктей беруге тиіс. Осы мақсатты мұрат тұтқан құрмет кешіне №3 мектеп-лицейінің мектеп директоры Райқұлов Мәулен Райқұлұлы, осы орталықтың қазақ тілі және әдебиет пәнінің мұғалімі Қаламқас Ақбердіқызы, Керімбай атындағы №12 мектеп гимназиясының тарих пәнінің мұғалімі Эльмира Қайырбаева және оқушылар қатысып,  үш қаламгердің тағдыры мен шығармашылығы, жалпы олардың заманы мен сол тұстағы әдеби үдеріс жөнінде мазмұнды да қызықты, өзекті ой-пікірімен бөлісіп, жастарға ой саларлық сабақ боларлық әңгімесін арнады. Аталмыш мектептің оқушылары қарымды қаламгерлердің өлеңдерін жатқа айтып домбыраның құлағында ойнады.

   Сондай-ақ бұл кеште оқушылар назарына «Үш бәйтеректің» шығармалар жинағынан сыр шертетін  көрме ұсынылды.

Яндекс.Метрика