Жамбыл облыстық Ш.Уәлиханов атындағы әмбебап ғылыми кітапханасында «Бір ел - бір кітап» акциясы аясында Алашорда мемлекетінің 100 жылдығана орай бүкілхалықтық оқуға таңдалып алынған ақын Сұлтанмахмұт Торайғыровтың шығармаларын насихаттау мақсатында аудан кітапханашыларының қатысуымен «Қараңғы қазақ көгіне өрмелеп шығып күн болам...» атты әдеби он-лайн вебинар өтті.
Іс-шараның мақсаты - «Бір ел-бір кітап» акциясы аясында Сұлтанмахмұт Торайғыровтың өмірі мен шығармашылығын, ақынның сан қырлы және әртүрлі жанрлы бай мұрасы – XX ғасыр басындағы қазақ әдебиетінің ерекше құбылысы, қазақ халқының рухани мәдениетінің маңызды бөлшегі екенін оқырмандарға насихаттау.
Кеш барысында кітапхана қызметкерлері «Бір ел-бір кітап» акциясының тарихына тоқталып, Сұлтанмахмұт Торайғыровтың шығармаларын жатқа оқыды.
Сонымен бірге, Байзақ, Жамбыл, Жуалы, Қордай, Меркі, Мойынқұм, Т.Рысқұлов, Сарысу, Талас, Шу аудандарының оқырмандары мен қызметкерлері он-лайн жүйесі арқылы ақынның өлеңдерінен үзінділер оқыды.