Кітапхана қызметкерлері ұлттық өнерді дәріптеуші, қайсар ана, «Шебер шаңырақ» мүгедектер қоғамдық бірлестігінің төрайымы, Жамбыл облыстық маслихатының депутаты Анар Сағынтайқызына арналған «Іскер әйел, білікті қызметкер» тақырыбында ақпараттық провайдер ұйымдастырды.
«Шебер шаңырақ» ұйымы облыстағы осал топтағы аналарға қолдау көрсетіп, еңбекке баулып отандық өндірістің дамуына үлесін қосуына бағыт береді. Ұлттық дәстүрлі бұйымдарды заманауи жаңғырту және күнделікті қолданысқа енгізеді. Мүмкіндігі шектеулі жандарға кедергісіз орта ұйымдастыра отырып, олардың кәсіп ашуына жәрдемдеседі. Тағдырдың түрлі сынағында өзінің өжеттігі мен қайсарлығының, сенімділігі мен төзімділігінің арқасында мойымаған қайсар ана кезедесу барысында өз өмірі туралы да ой өрбітті. Өзінің тігін цехынан шығатын қыз жасауы және қолөнер бұйымдарымен таныстырып, жұмыс барысын көрсетті.