Жамбыл облыстық Ш. Уәлиханов атындағы әмбебап ғылыми кітапханасы

«Заманауи кітапхана: мәдени ақпараттық кеңістікті өзара игеру» кітапханалық консалтинг аясында

«Кітапхананың статистикалық көрсеткіштері: жоспарлау мен орындау тәсілдері» воркшоп-workshop және  «Кітапхана жұмысындағы заманауи әдіс-тәсілдердің тиімділігі» тақырыптарындағы семинар тренинг

    Ш.Уәлиханов атындағы Жамбыл облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының ұйымдастыруымен  аудан, ауыл кітапхана мамандарының кәсіби шеберлігін жоғарылату  мақсатында үстіміздегі жылға жоспарланған «Заманауи кітапхана: мәдени ақпараттық кеңістікті өзара игеру» кітапханалық консалтинг аясында  2019 жылдың 20 ақпанында «Кітапхананың статистикалық көрсеткіштері: жоспарлау мен орындау тәсілдері» және  «Кітапхана жұмысындағы заманауи әдіс-тәсілдердің тиімділігі» тақырыптарында воркшоп-workshop форматында семинар тренинг өтті.

    Тренинг барысында ауыл кітапханашыларына кітапханалық статистикалық көрсеткіштерді жоспарлау мен орындау тәсілдері,  мекеме имиджін қалыптастыру бағытындағы маркетинг жұмыстарында  әлеуметтік желілерді тиімді қолдану мәселері аясында кеңестер берілді. 

    Консалтингке  арнайы шақырылған  «Өрлеу» БАҰО АҚ филиалының Жамбыл облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтының тренері п.ғ.к, профессор Ш.Тойғанбекова өткізген психологиялық, акмеологиялық тренингке кітапхана қызметкерлері үлкен қызығушылықпен қатысты.  

 


 

Яндекс.Метрика