Жамбыл облыстық Ш. Уәлиханов атындағы әмбебап ғылыми кітапханасы

«ТӘУЕЛСІЗ ЕЛДІҢ БОЛАШАҒЫ- ЖАСТАР» ТАҚЫРЫБЫНДА ЖАСТАР КОНФЕРЕНЦИЯСЫ ӨТТІ

     Аталған іс-шараға «Желтоқсан ұшқыны» ҚБ төрағасы Талғат Кеншінбеков, орынбасары Сәкен Мырзабай және бірлестік мүшелері Жеңісбек Қалмұрзаев, Ержан Есімқұлов, Ержан Сатыбалдиев қатысты. Тараз қаласы әкімдігінің ішкі саясат бөлімі «Жастар ресурстық орталығы» КММ маманы Дархан Байпақ өз сөзінде «еліміздің болашағы – біз, жастар, келер ұрпақтың бақытты ғұмыры үшін аянбай күресіп, табандылық пен асқан қайсарлық, шыдамдылық пен беріктік танытуымыз керек», - деп, пікір білдірді. Желтоқсан оқиғасы тақырыбында дипломдық жұмыс әзірлеп жүрген М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің студенті Әшірхан Құттыбек өзінің зерделеу жүргізген жұмыстарын талдап, қатысушыларға баяндап берді. Жамбыл ауданы Шекара басқармасы бөлімшесінің топ командирі, аға лейтенант Мадияр Жумагулов және Жамбыл облысы мамандандырылған күзет қызметі басқармасының жеке құрам қызметкерлері тақырыпқа аясында өз ойларымен бөлісті. Қатысушылар келген қонақтарға сұрақтар қойып, пікір алмасты.

 

Яндекс.Метрика