Тарихы терең қарт Таразда іргетасы қаланып, әуесқой ақындардың басын біріктіріп, деңгейін көтеру мақсатында құрылған Әулиеата шығармашылық бірлестігіне 1 жыл толды. Осыған орай «Шайырлар төккен жауһар жыр!» тақырыбында ақындармен сұхбат өтті.
Сұхбатты Халықаралық Жазушылар одағының мүшесі, «Түркі әлемі Жазушылар одағы» Президентінің I-ші орынбасары, "Әулиеата шайырлары" ШБ жетекшісі. Халықаралық Қазақ шығармашылық бірлестігінің Жамбыл облысы бойынша өкілетті директоры, заңгер, Жамбыл облысы заң консультанттары Палатасының мүшесі, Мухит Есиркепов ашты. Шарада керемет туындылар оқылып, әндер айтылды.
Ақындардың үлкен еңбегінің арқасында жалынды жырлар жинағы мен бірнеше автордың алғашқы кітаптарының тұсаукесері ұйымдастырылып, шығармашылық топтың жазылған әнұранының да тұсауы кесілді. Іс-шара барысында шығармашылық бірлестіктің жетекшісі жылды қорытындылап, алдағы жаңа жоспармен бөлісті.
Топ мүшелері Алғыс хаттар және төс белгілермен марапатталып, ақындар бір-біріне шығармашылық шабыт тіледі.