Жамбыл облыстық Ш. Уәлиханов атындағы әмбебап ғылыми кітапханасы

«Сезім болып төгілген жібек жырлар» облыстық байқау ауыл кітапханашылары арасында

     Ш.Уәлиханов атындағы әмбебап ғылыми кітапханасында көрнекті ақын, мемлекет және қоғам қайраткері, халық жазушысы, ҚР Мемлекеттік сыйлығының иегері Фариза Оңғарсынованың 80 жылдық мерейтойына орай ауыл кітапханашылары арасында «Сезім болып төгілген жібек жырлар» облыстық байқау өтті.

     Өлеңсүйер қауымға арналған байқаудың басты мақсаты Ф.Оңғарсынованың өлеңдерін жастар арасында кеңінен насихаттау, кітапханашылар арасынан талапты, талғампаз таланттарды анықтау, поэзияны ұғыну арқылы ана тілін, ұлтын, туған жері мен табиғатын аялауға шақыру болды.

     Байқаудың шарты бойынша, фейсбук парақшасына көрсетілген жарияланымдардың қорытындысы ұсынылып, арнайы әзірленген үміткерлердің бейнероликтері көрсетілді. Одан әрі үміткерлер жанды түрде ақын өлеңдерін нақышына келтіріп оқыды.

     Сайысқа Жамбыл облыс әкімдігінің мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы басшысының орынбасары З.Ж.Сембина, Ш.Уәлиханов атындағы әмбебап ғылыми кітапханасының директоры Э.Е.Абдинова, «JAMBYL-TARAZ» газетінің тілшісі Құралай Сейсенбекққызы төрелік етті.

     Нәтижесінде көпшілік көңілінен шығып, бас жүлдені Сарысу ауданы, Жаңаталап аулының АК меңгерушісі Аяулым Досаева иеленді. Жүлделі І орын - Т.Рысқұлов ауданы, Қарақат АК кітапханашысы Гүлжамал Жарқынбаеваға, ІІ - Жамбыл ауданы, Шайдана АК кітапханашысы Гулмира Байболоваға, ІІІ - Талас ауданы, ОК әдіскері Анар Қалыбековаға бұйырды.

Яндекс.Метрика