Жамбыл облыстық Ш. Уәлиханов атындағы әмбебап ғылыми кітапханасы

«ҚАЛАМГЕР» КЛУБЫНЫҢ ҰЙЫМДАСТЫРУЫМЕН «КІТАП - АСЫЛ ҚАЗЫНА» ТАҚЫРЫБЫНДА КЕЗДЕСУ ӨТТІ

   Кітапхана жанынан құрылған «Қаламгер» клубы мүшелерінің ұйымдастыруымен «Кітап - асыл қазына» тақырыбында  Тараз қаласындағы №66 Жайлы  мектептің 4 сынып оқушыларының кітапханамен танысуы өтті.

 Іс-шараның  мақсаты -  рухани және интеллектуалдық дамытудың көзі ретінде өскелең ұрпақтың кітапқа деген қызығушылығын ояту, кітап оқу мәдениетін қалыптастыру, отандық және әлем әдебиеттерін оқуға тарту. Кітапханашылар балаларға сұрақ-жауап айдарын жасап, белсенділеріне ұлағатты сөздер мен мақал-мәтелдер жазылған тәттілер сыйға тартты,  кітап  оқу қажеттілігінің себебі, маңызы, шығу жолдары, тарихы туралы мағлұматтар беріп, слайдтар көрсетті. Сайын Мұратбековтің  «Жусан иісі» повесі талқыланып, іс-шара соңында кітапханаға экскурсия жасалды.

Яндекс.Метрика