Жамбыл облыстық Ш. Уәлиханов атындағы әмбебап ғылыми кітапханасы

8 наурыз - Халықаралық әйелдер мерекесіне орай «Әлемнің мәні - әйелде» атты әдеби кеш өтті

8 наурыз - Халықаралық әйелдер мерекесінің қарсаңында «Әлемнің мәні - әйелде» әдеби шлягер өткізді.

   Нәзік жандыларға деген сүйіспеншілік пен құрмет сезімін арттыру мақсатында ұйымдастырылған кешке адал енбегімен еленген Батыр аналарымыз және де бар қажыр- қайратын отбасына жұмсаған көпбалалы аналарымыз қатысты. Олардың қатарында Айша бибі ауылынан «Шебер Шаңырақ» мүгедектер қоғамдастық бірлестігінің мүшесі Канибетова Алтыншаш апа, Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің зейнеткері, отставкадағы Майор және қазіргі уақытта Жамбыл облысы Қорғаныс істері жөніндегі департаментте қызметін жалғастырып жүрген Инспектор Артықбаева Нағима, 81067 әскери бөлімінің әкімшілік шаруашылық бөлімінің бастығы Айтқұлова  Айдана, Қалалық Перинаталдық орталығының акушер-гинеколог дәрігері Дабыл Айдана, «Ainur med» медицина орталығының басшысы Ермухамедова Айнұр, №2 орта мектеп тәрбие ісі жөніндегі  директор орынбасары  Исмаилова Айжан және Астана колледжінің мұғалімі Әліпбекова Гүлнұр  болды.

   Іс-шара барасында аналардың мәртебесін нығайту, ана болудың маңыздылығы және қазіргі қоғамдағы аналардың рөлі, қазақ әйелінің тұлғасы, ананың қоғамдағы ерекше орны кеңінен айтылды. Жарық дүние сыйлаған жандарға кітапхана оқырмандары жүрегінен жарып шыққан тәтті тілектерін айтып, жылы лебіздерін білдірсе, кітапхана ұжымы аналарымызды әрқашан шексіз құрмет-қошеметімізге бөлеп, қуантуды әдетке айналдырсақ, нұр үстіне нұр болатынын жеткізді.

   Мерекелік іс-шарада айтылған ізгі тілектер мен шырқалған әннің бәрі асыл ана, адал жар, аяулы қыз-келіншектерге арналды.

Яндекс.Метрика