Биыл қазақ ғылымының жарқын жұлдызы, қоғам қайраткері және көрнекті тұлға Евней Арыстанұлы Бөкетовтың туғанына 100 жыл. Осы атаулы күнге орай кітапхана қызметкерлері Медеу Сарсеке кітабының желісі бойынша «Евней Букетов:трагедия светлой судьбы» кітаппен жүздесу ұйымдастырды.
Евней Арыстанұлы елдегі ғылыми танымның беделі мен мәртебесін лайықты жоғары деңгейге көтерді, өз теориялық және тәжірибелік зерттеулерімен қазақстандық химия ғылымы мен өнеркәсібінің жетістікке жетуіне септігін тигізіп қана қоймай, ғылыми мектеп құрды. Евней Арыстанұлы Бөкетовтің жарқын өмірі Қазақстан жастарына жарық жұлдыз іспетті үлгі болары хақ.