Жамбыл облыстық Ш. Уәлиханов атындағы әмбебап ғылыми кітапханасы

«Нұр жауған - Ұлыстың Ұлы күні» атты кітап көрмесі

   Кітапханада Ұлыстың ұлы күні - Наурыз мерекесіне арналған «Нұр жауған - Ұлыстың Ұлы күні» атты кітап көрмесі жасақталды.

  Кітап көрмесіне Қазақстанда тұратын барлық этностық топтардың тарихы мен қазіргі өмірін, мәдениетін, дәстүрлерін және өнерін бейнелейтін  «Армысың, әз-Наурыз!», «Наурызнама», «Қазақтың салт-дәстүрлері мен әдет-ғұрыптары», «Дәстүр даналығы», «Қазақстан және әлем елдері», «Достық баға жетпес байлық», «Қазақстан - қарашаңырағым»,  «Қазақстан халықтарының ұлттық киімдері», «Наурыз айы туғанда» кітаптары қойылып, қазақ халқының мәдениеті мен этнографиясы жайында мол мағлұматтар берілді.   

Яндекс.Метрика