Жамбыл облыстық Ш. Уәлиханов атындағы әмбебап ғылыми кітапханасы

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ КІТАП ФЕСТИВАЛІ «КІТАП - ӨМІР ҰСТАЗЫ» АТТЫ ЖАС АЙТЫСКЕР АҚЫНДАРДЫҢ ҚАТЫСУЫМЕН ЖЫР ДОДАСЫ ӨТТІ


    Сөз сайысындағы өнерпаздардың шеберлігін саралап, әділ бағасын берген қазылар алқасының құрамында – айтыскер ақын, облыстық айтыскер ақындар, жыршы-термешілер орталығының ғылыми қызметкері Ербол Қамбатыров пен Шерхан Мұртаза атындағы Халықаралық Тараз университетінің Жастар саясаты және тәрбие жұмысы басқармасының басшысы Бахтияр Бекназаров болды.
    Жыр додасына суырылып шыққан сөз жүйріктері облыстық «Ar-ai» жастар газетінің тілшісі Мұқағали Балтабаев, облыстық айтыскер ақындар мен жыршы-термешілер орталығының ғылыми қызметкері Дидар Апбасов, Жамбыл ауданы Айша бибі орта мектебінің 7-сынып оқушысы Мирас Жамалбек, №68 мектеп-гимназиясының 11-сынып оқушысы Жанерке Қамбар, «Zerdeli high school» мектебінің 11-сынып оқушысы Аян Қуаныш, Талас ауданы Аққұм ауылындағы Барбал Тоқтықожаұлы атындағы мектептің 11-сынып оқушысы Нұрайым Боранбай, Меркі ауданындағы №44 мектеп-гимназиясының 5-сынып оқушысы Ералы Тұрсыналы және Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің 3-курс студенті Санжар Даниярбек бар.
    Айтыс соңында барлық қатысушыларға кітапхана тарапынан естелік ретінде кітаптар табысталды.

 
 

Яндекс.Метрика