Жамбыл облыстық Ш. Уәлиханов атындағы әмбебап ғылыми кітапханасы

ҰЛТТЫҚ КІТАП КҮНІНЕ ОРАЙ «КІТАП – ҒАСЫРЛАР МҰРАСЫ» КӨШПЕЛІ КІТАП КЕРУЕНІ ӨТТІ

Әулиеата - кітап оқитын өңір» кітап оқу акциясы аясында Ұлттық кітап күніне орай   «КІТАП – ҒАСЫРЛАР МҰРАСЫ»  көшпелі кітап керуені өтті.

Көрме «Тарихи тұлғалар және ұрпақтар жалғастығы», «Қасиетті шаһар, қастерлі өңір: тарихы, қалалары, ескерткіштері», «Тау тұлға, дара тұлға - Бауыржан», «Қазақ сөз өнерінің наркескені, халық жазушысы Шерхан Мұртаза», «Тараз мұралары» тарихи-танымдық энциклопедиялық жинақтар, Жергілікті ақын-жазушылар – құрмет төрінде» бөлімдерден тұрады.

    Іс-шара соңында «Ақынға»,«Қазақ қызы», «Ұлы Жеңіс шаттығы», «Желдірме», «Шырын Мамасеріковаға Арнау әні», «Жаса қазағым» әндері орындалып, көрермендермен викториналық ойындар ойналды. Жеңімпаздарға кітаптар сыйға тарту етіліп, жиналған қауымға көтеріңкі көңіл күй сыйлады.

Яндекс.Метрика