Көп балалы отбасы – береке-бірліктің үйлескен жері. Қазір көп балалы отбасын көрсек, таңдай қағып, таңқалатынымыз бар. Мамырдың екінші жексенбісі - Аналар күні мерекесіне орай көпбалалы ана Аптауова Айбота Жорабекқызымен «Ана деген - ұлылықтың биігі...» тақырыбында әдеби салон өткізді.
Кездесу барысында ананың тапқырлығы, даналығы, парасаттылығы, өнегесі, тәрбиесі жайында көптеген әңгіме қозғап, кітапханашылардың тарапынан қойылған сұрақтарға жауап берді. Айбота анамыз әр отбасында ата-ана өз міндетін дұрыс атқарса, баланы дұрыс жолға саламын деп қиналмайтынын жеткізді.