Жамбыл облыстық Ш. Уәлиханов атындағы әмбебап ғылыми кітапханасы

КІТАПХАНА "ЕЛ БОЛЫП ОҚИМЫЗ" ЖОБАСЫ АЯСЫНДА ТАҒЫЛЫМДЫ ІС-ШАРА ҰЙЫМДАСТЫРДЫ.

Қазақ халқының мақтанышы, Ұлы Отан соғысы жылдарында ел мен жер үшін от кешкен ержүрек қолбасшы, аты аңызға айналған жауынгер, қаламы мен қаруы қатар жүрген ұлы тұлға - Бауыржан Момышұлының 115 жылдық мерейтойына орай «Қару мен қаламды қатар ұстаған қазақтың қаһарман батыры» атты ерлік сағаты өтті.

Іс-шара Жеңіс саябағындағы «Бауыржан Момышұлы» атындағы музейде өтті.  Іс-шара барысында оқырмандар музей экспозициясындағы Бауыржан Момышұлының жеке заттары, соғыс жылдарындағы фотосуреттері, қолжазбалары мен сирек кездесетін мұрағаттық материалдармен танысумен басталды. Сонымен қатар, батырдың соғыста жасаған ерліктері мен өткір туындыларымен жан-жақты таныстырып, оқырмандардың бойында патриоттық рухты оятты.

Кітапхана қызметкерлері қатысушыларға ардақты батырдың шығармалары негізінде жасақталған «Тау тұлға, дара тұлға Бауыржан» атты тұрақты кітап көрмесіне шолу жасап, құнды туындылармен таныстырды.

Яндекс.Метрика