Жамбыл облыстық Ш. Уәлиханов атындағы әмбебап ғылыми кітапханасы

"ЕЛ БОЛЫП ОҚИМЫЗ" ЖОБАСЫ АЯСЫНДА "ЖАҚСЫДАН ҚАЛҒАН ЖӘДІГЕР" ОЙ ТАЛҚЫ КЕШІ

Көрнекті жазушы және даңқты қолбасшы Бауыржан Момышұлының туғанына 115 жыл толуына орай Абай атындағы Жамбыл гуманитарлық жоғары колледжінің білімгерлерімен «Жақсыдан қалған жәдігер» ой талқы кешін ұйымдастырды.

    Іс-шараға Жамбыл облысының Интернациолист-жауынгер одағы қоғамдық бірлестігінен Ізбасаров Керім Мақанбетұлы, «125 International school» мектебінің тарих пәнінің мұғалімі Сәт Қуантай, Қазақстан Студенттер Альянсы ұйымының Жамбыл облысы филиалының төрағасы Дархан Байпақ қатысып, батырдың қаламынан туған еңбектері, даналық сөздері - өскелең ұрпақ үшін рухани темірқазық екенін жеткізді.

    Іс-шара барысында жазушының шығармашылығын насихаттау, зерделеу, өңір тұрғындарына паш ету мақсатында ұйымдастырылған «Тау тұлға, дара тұлға - Бауыржан» көшпелі кітап көрмесін білімгерлер назарына ұсынып, батырдың еңбектерімен таныстырды.

Яндекс.Метрика