Жамбыл облыстық Ш. Уәлиханов атындағы әмбебап ғылыми кітапханасы

«ОТБАСЫ - СҮЙІСПЕНШІЛІК, СЫЙЛАСТЫҚ, ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ ПЕН ПАРАСАТТЫЛЫҚ БАСТАУЫ» ТАҚЫРЫБЫНДА БИБЛИО-БАР ӨТТІ

15 мамыр - Отбасы күніне орай оқырмандардың отбасы, жанұя туралы білімдерін шыңдай отырып, отбасы құндылықтарының маңызын дәріптеу мақсатында «Отбасы - сүйіспеншілік, сыйластық, ынтымақтастық пен парасаттылық бастауы» тақырыбында библио-бар өтті.

  Қазіргі таңда қоғам арасында ене мен келін тақырыбы көп талқыға түсетін өзекті түйткіл қатарынан көрінуде. Осы тұста, мәдениет саласының еңбек ардагері, кітапхана саласында 30 жыл еңбек еткен, жас кітапханашыларға үлгі бола білген Орынкүл Қалдарбекова әжеміз және бүгін де кітапхана саласында қызмет етіп келе жатқан немере келіні Айгерім Есалиевамен кездесіп, бірлігі мен берекесі таймаған, күннің шуағындай жылылығымен баурайтын мерейлі отбасының тәрбиелік мәні зор мерекелік шарада, өз көрген-білгендерімен бөлісіп, көрермендерге, соның ішінде болашақ ұрпаққа ерекше әсер беріп, ой салды.

  Отбасылық өмірдің артықшылығы - ене мен келін арасындағы татулықты ту етіп, көпшілікке дәріптей білген Орынкүл әжеміз ұйымдастырушыларға алғысын білдіріп, ақ батасын жаудырды.

 

Яндекс.Метрика