Жамбыл облыстық Ш. Уәлиханов атындағы әмбебап ғылыми кітапханасы

«АБАЙ - РУХАНИЯТТЫҢ ШАМШЫРАҒЫ» ӘДЕБИ КЕШ

Кітапханада қазақтың ұлы ақыны Абай Құнанбайұлының 180 жылдығына орай Жамбыл облысы бойынша апаттар медицина орталығының қызметкерлерінің қатысуымен «Абай - руханияттың шамшырағы» атты әдеби кеш өтті.

   Абай мұрасы - қазақтың ең қасиетті, теңдесі жоқ, алтын қазынасы. Кеш барысында халқымыздың ұлы кеменгері, ойшыл ақынның өнегелі өмірін таныстырып, шығармаларына шолу жасалды.

   Сонымен қатар, көркем әдебиеттің темірқазығы Абай атамыздың өмірі мен шығармашылығы туралы бейнеролик көрсетіліп, кітапхана қызметкерлері «Желсіз түнде жарық ай» лирикалық өлеңін жанды дауыспен орындады.

Яндекс.Метрика