«Жамбыл облыстық мүгедектерді оңалту және бейімдеу орталығында» Ұлы Жеңістің 80 жылдығы, Кеңес одағының батыры, жазушы, Екінші дүниежүзілік соғыстың даңқты жауынгері, әскери қолбасшы Бауыржан Момышұлының туғанына 115 жыл толуына орай жазушының шығармашылығын насихаттау, зерделеу, өңір тұрғындарына паш ету мақсатында «Тау тұлға, дара тұлға - Бауыржан» көшпелі кітап көрмесін бейімдеушілер назарына ұсынып, батырдың еңбектерімен таныстырды.
Осындай жандарға қамқорлық көрсету мақсатында кітапхана ұжымы орталық ем алушылар назарына әуезді әндерімен олардың көңілдерін бір серпілтті.