Жамбыл облыстық Ш. Уәлиханов атындағы әмбебап ғылыми кітапханасы

ТЕАТР МЕН ӘДЕБИЕТ ТОҒЫСҚАН КЕЗДЕСУ

   Кітапханада қазақ әдебиеті мен мәдениетіне арналған рухани шара өтті. Аталған іс-шара аясында Мұхтар Әуезов атындағы Қазақ ұлттық драма театрының талантты әртістері — Әділет Базарбайұлы мен Ғалым Амангелдіұлы кітапханашылармен мазмұнды кездесу өткізді.

   Кездесу барысында өнер майталмандары театр өнерінің қыр-сыры, сахналық шеберлік, шығармашылық жолдағы ізденістер мен қызықты оқиғалар жайлы кеңінен әңгімелеп берді. Сонымен қатар, олар көрермен қауымға жанды дауыста ән орындап, әдебиет пен театр арасындағы тығыз байланысты тілге тиек етті.

   Оқырмандармен ашық сұхбат форматында өткен бұл кездесуде көрермендер өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, актерлерден пайдалы кеңестер алды. Шара соңында кітапхана ұжымы мен қатысушылар театр әртістеріне алғыстарын білдіріп, естелік суретке түсті.


Яндекс.Метрика