Жамбыл облыстық Ш. Уәлиханов атындағы әмбебап ғылыми кітапханасы

⚜️«ӨШПЕС МӘҢГІ ЕРЛІГІНДЕ МЕНІҢ НҰРЛЫ БОЛАШАҒЫМ» КІТАП КЕРУЕНІ ӨТТІ

    Тараз қаласындағы Б.Момышұлы атындағы Жеңіс саябағындағы «Даңқ» залында Мойынқұм аудандық кітапханалар жүйесінің ұйымдастыруымен «Өшпес мәңгі ерлігінде менің нұрлы болашағым» кітап керуені өтті.
     Іс-шара барысында соғыс ардагерлерінің ұрпақтары, Мойынқұм ауданының «Құрметті азаматы» Тоғанбай Қалыбаев, ардагерлер кеңесінің мүшесі, зейнеткер Сейтхан Ділтаев, ардагер ұстаз Айна Асанбаева Ұлы Отан соғысына қатысқан батырларымыздың ерлігі туралы әңгімелер қозғап, Ұлы Жеңістің 80 жылдығымен құттықтады.
     Кітапхана оқырмандары Жұбан Молдағалиев, Қадыр Мырза Әлі, Мұқағали Мақатаевтың поэмалары мен балладаларын жырласа, кітапханашылар "Ана туралы баллада", "Катюша", "Смуглянка", "День Победы" секілді соғыс кезіндегі жауынгерлерді рухтандырған әндер арқылы сол сұрапыл соғыс алаңдарында болған жағдай туралы көрініс көрсетті.

   

Яндекс.Метрика