Кітапханада отандық әдебиеттің 100 танымал кітабын анықтайтын жалпыұлттық сауалнамаға арналған «Ғасырларға сапар шеккен ақыл ескерткіші» зиялы қауым өкілдері мен жастардың кездесуі өтті.
Сауалнаманың басты мақсаты – еліміздің әдеби мұрасын сақтау және дамыту, Қазақстан жазушыларының шығармаларын дәріптеу, халықтың кітап оқуға деген қызығушылығын арттыру және баспа ісін дамыту.
М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің «Мәдениет және өнер» кафедрасының меңгерушісі Айгүл Қабиева, белгілі журналист және қоғам қайраткері Жаңабай Миллионов, облыстық ардагерлер кеңесі төрағасының орынбасары Шәріп Дәулетбаев, облыстық мәслихаттың депутаты, «Ақ жол» газетінің редакторы Оралхан Дәуіт, айтыскер ақын, ҚР театр қайраткерлері одағының мүшесі Ербол Қамбатыров, «Шұғыла-Тараз» қоғамдық бірлестігінің төрайымы, партия ардагері Жанар Орынбаева, Қазақстан Жазушылар одағының Жамбыл облыстық филиалының директоры, облыс әкімінің кеңесшісі Хамит Есаман қатысты.
Ақын-жазушылар және жастар көркем әдебиеттің түрлі жанрындағы өздері үздік деп тапқан кітаптары туралы айтып, ойларымен бөлісті.