Жамбыл облыстық Ш. Уәлиханов атындағы әмбебап ғылыми кітапханасы

«ТАУ ТҰЛҒА, ДАРА ТҰЛҒА - БАУЫРЖАН» КӨШПЕЛІ КІТАП КӨРМЕСІ ӨТТІ

  Қазақстан Республикасы  Қорғаныс министрлігінің  85395 әскери бөлімінің құрылғанына 25 жыл толуына орай өткізілген салтанатты іс-шарада кітапхана қызметкерлері  Ұлы Жеңістің 80 жылдығы, Кеңес одағының батыры, жазушы, Екінші дүниежүзілік соғыстың даңқты жауынгері, әскери қолбасшы Бауыржан Момышұлының туғанына 115 жыл толуына орай жазушының шығармашылығын насихаттау, зерделеу, өңір тұрғындарына паш ету мақсатында «Тау тұлға, дара тұлға - Бауыржан» көшпелі кітап көрмесін ұйымдастырып, ұлт мақтанышы Бауыржан Момышұлы туралы қазақ, орыс тілдерінде жарық көрген әдебиеттерді көпшілік назарына ұсынды.

Яндекс.Метрика