Жамбыл облыстық Ш. Уәлиханов атындағы әмбебап ғылыми кітапханасы

«КӨК ТҰМАН – АЛДЫНДАҒЫ КЕЛЕР ЗАМАҢ» «АБАЙ ОҚУЛАРЫ» ЖАС МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТШІЛЕР АРАСЫНДА БАЙҚАУ ӨТТІ

   Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту басқармасының қолдауымен Шоқан Уәлиханов атындағы Жамбыл облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы», Кенен Әзірбаев атындағы облыстық филармониясы және Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істер агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаментімен бірлесіп,  Абай Құнанбайұлының 180 жылдық мерейтойына орай жас мемлекеттік қызметшілер арасында «Көк тұман – алдындағы келер замаң» «АБАЙ ОҚУЛАРЫ»  байқауын ұйымдастырды.

   Абай өлеңдері мен қара сөздерін,  М.Әуезовтің «Абай жолы» романынан үзінді оқу, Абай әндерін орындау шарттарынан құрылған байқауға Жамбыл облысының әр өңірінен 23–35 жас аралығындағы мемлекеттік қызметшілер қатысты. Олардың қатарында: Жамбыл облыстық мәслихаты аппараты, Тараз қаласы әкімдігінің бөлімі, Мамандандырылған ауданаралық соттар мен бөлімшелер, Қордай, Сарысу, Шу, Байзақ, Т.Рысқұлов, Жамбыл, Жуалы, Меркі, Талас аудандарының әкімдіктері мен ауылдық округтерінің өкілдері, жалпы 15 үміткер қатысты.

   ҚР Мемлекеттік қызмет істер агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаментінің басшысы Болат Исаханұлы Копдикбаев, «Жаңару» сыбайлас жемқорлыққа қарсы жалпыұлттық қозғалысы» республикалық қоғамдық бірлестігі Жамбыл облыстық филиалының директоры Қасымхан Естемесұлы Төлендиев, ҚР білім беру ісінің құрметті қызметкері, Жуалы ауданының Құрметті азаматы Сейсекүл Исматова байқау қатысушыларының жұмысын бағалап, жеңімпаздарды анықтады.

 

    

Яндекс.Метрика