Жамбыл облыстық Ш. Уәлиханов атындағы әмбебап ғылыми кітапханасы

«КӨК ТҰМАН – АЛДЫНДАҒЫ КЕЛЕР ЗАМАҢ» «АБАЙ ОҚУЛАРЫ» ОБЛЫСТЫҚ БАЙҚАУЫНЫҢ ҚОРЫТЫНДЫСЫ

   Байқаудың қорытындысы бойынша Бас жүлде Шу ауданы, Ескі-Шу ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы Төлеутай Махаббат Бекболатқызына бұйырды.

   Жамбыл облыстық мәслихаты аппаратының бас инспекторы Мамышев Мұхтар Сырлыбайұлы жүлделі І-ші орынды иеленсе, Талас ауданы, С.Шәкіров ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы Баймырза Ермұрат Аманжолұлы мен Жамбыл облысы Мамандандырылған ауданаралық экономикалық соты әкімдігінің бас маманы - сот отырысының хатшысы Тургынов Санжар Алмасұлы ІІ мен ІІІ орындар қанжығалады.

   Байқау аясында Кенен Әзірбаев атындағы Жамбыл облыстық филармониясының әншілері «Абайдан әуен, ғибрат» концерттік бағдарламасын ұсынып, іс-шараға ерекше әсер мен ұлттық рух сыйлады.

   Іс-шара соңында қазылар алқасы жеңімпаздарды арнайы Дипломдармен, қалған қатысушыларды Алғыс хаттарымен марапаттады. Байқау – жас мемлекеттік қызметшілер үшін тек өнер сайысы ғана емес, рухани және мәдени дамудың, Абай мұрасын жаңаша танудың жарқын алаңына айналды.

 

 

Яндекс.Метрика