Халық ақыны, дәстүрлі жыр өнерінің дара тұлғасы Иса Байзақұлының туғанына 125 жыл толуына орай «Ойласаң өткен күнді айтады жыр...» атты өнер кеші ұйымдастырылды. Шара барысында ақынның өмірі мен шығармашылығы кеңінен насихатталды.
Кеш оқырмандарға рухани азық сыйлап, өткен ғасырдағы жыраулық мұра мен бүгінгі буын арасындағы алтын көпірге айналды.
